Өмірбаяны

Өмірбаяны
Әнші, Қазақстанның халық артисі

Биография

Мұсабаев Мұрат

(1937-1994)


Әнші, Қазақстанның халық артисі. Қарағанды қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды факультетін бітірген. Студенттік кезінен бастап, Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының группасы құрамында өнер көрсеткен. Ол Тарғын, Семен (Е. Брусиловскийдің "Ер- Тарғын" және "Дударайы"), Абай (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің осы аттас операсында) және т. б. образдарын сомдады. М. И. Глинка атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты М. Мұсабаевтың өнері кейіпкерлерінің ойы мен сезімін толық ашумен, жоғарғы сахналық мәдениетпен ерекшеленеді. М. Мұсабаев өзінің концерттік өнері арқылы аса белгілі. Ол қазақ, орыс және шетел композиторларының романстары мен әндерін шеберлікпен орындайды.