Өмірбаяны

Өмірбаяны
Скрипкашы. Қазақстанның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры

Биография

Мырзабекова Гаухар Құрманбекқызы


Скрипкашы. Қазақстанның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1956 жылы Алматыда дүниеге келген. 1980 жылы Мәскеу консерваториясын (Профессорлар Д. Ф. Ойстрах пен О. В. Крысаның скрипка класы бойынша) бітірген. 1986 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филормониясының солисі. 1998 жылдан-"Камерата" классикалық музыкалық ансамблінің негізін қалаушы, директоры, көркемдік жетекшісі және солисі. Г. Мырзабекованың репертуарында Л. Бетховеннің, И. Брамстың, С. Прокофьевтің, сондай-ақ, көптеген қазақ композиторларының шығармалары бар. Дарқан сезім, ашық әуезділік, артистік еркіндік және қиялға ерік беру - Гауһардың шығармашылық мәнерінің ерекшелігі. Оның шығарылымдары орындау әдісінің көп қырлылығымен, сезінумен, романтикалық толғаныспен дараланады.