Өмірбаяны

Өмірбаяны
Домбырашы. Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық конкурстың сыйлығының лауреаты

Биография

Қосанова Айгүл


Домбырашы. 1974 жылы Маңғыстау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген. Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық конкурстың сыйлығының лауреаты. Қазіргі кезде Президент оркестрінің солисі болып жұмыс істейді, сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық - цирктік колледжде дәріс береді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы аспирантурасының негізгі бөлімінде оқиды. 1999 жылы "Дарын" Мемлекеттік сыйлығын алды. Израиль, Ақш, Австрия, Германия, Түркия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнерлік іссапарда болды.