Өмірбаяны

Өмірбаяны
Әнші (лирикалық баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халыіқ артисі

Биография

Хасанғалиев Ескендір


Әнші (лирикалық баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халыіқ артисі. 1940ж. Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н.Шарипованың класы бойынша курсты, Әль- Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыір, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.