Өмірбаяны

Өмірбаяны
Эстрадалық әнші. Қазақстанның еңбегі сіңген артисі

Биография

Есқалиева Нағима


Эстрадалық әнші. Қазақстанның еңбегі сіңген артисі. 1954 жылы Алматы облысында туған. Республикалық эстрадалық- цирктік өнер студиясын (Л. Кесоғлы класы бойынша), Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген. Есқалиеваның есімі 1979 жылы "Әнмен өрнектелген өмір" Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті. Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар.К. Дүйсекеевтің "Сәлем саған, туған ел", С.Бәйтерековтың "Күнге табыну" және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды. 1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды.