Өмірбаяны

Өмірбаяны
Домбырашы, шебер орындаушы және қазіргі замандық көптеген күйлердің авторы

Биография

Балмағамбетов Сәдуақас


Домбырашы, шебер орындаушы және қазіргі замандық көптеген күйлердің авторы. 1941 жылы Ақтөбе облысында туған. 1974 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Х. Тастановтың класы бойынша бітірген. 1978 жылдан ол осы жоғарғы оқу орнында дәріс береді. Әкесі Балмағамбет, Қазанғап күйшінің дәстүрлі орындау мектебін жалғастырушы белгілі домбырашы болған. Сәдуақас домбырада ойнауды жас кезінен бастаған. Оны туысқан ағасы Матай Қуантаев өнерге баулыған (ол да Қазанғаптың шәкірті). Мұнан кейінгі жылдары Сәдуақас шеберлігін Қадірәлі, Келбет; Жалыкеш; Құрманғали сынды домбырашылардан үйрену арқылы шыңдайды.Сәдуақас Балмағамбетовтың өзіне ғана тән орындау ерекшелігі бар. Күйді шеберлікпен орындау арқылы ол халық ықыласына ие болды.