Өмірбаяны

Өмірбаяны
Әнші (баритон). Қазақстанның халық артисі

Биография

Байбосынов Қайрат

(1950)


Әнші (баритон). Қазақстанның халық артисі. 1950 жылы Жезғазған облысында туған. 1969 жылы Қазақтың эстрадалық студиясын бітірді. Оның ұстазы - атақты әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазССР-нің халық артисі Жүсіпбек Елебеков. Шығармашылық жолы "Гүлдер" жастар ансамблінен басталған. Жас әншінің мақпалдай жұмсақ, жайлы баритон даусын Қали Байжанов аса жоғары бағалаған. Қ. Байбосыновтың репертуары бай және әрқилы, ол: қазақ әндері "Ардақ", "Қарғаш", "Сұржекей", "Алқоңыр" халық композиторлары Біржан салдың, Ақан серінің, Мұстафаның, Естайдың, Ыбырайдың, Жаяу Мұсаның әндері, қазіргі композиторлар әндері ("Асылым"). Ол бұрын - соңды сахнада орындалмаған 60- тан аса қазақ әндерін тұңғыш орындаған әнші. Қайрат Байбосыновтың өзіндік орындау мәнері қазақтың ән өнеріндегі айшықты із, қайталанбас қолтаңба болып табылады.