Өмірбаяны

Өмірбаяны
Әнші. Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі

Биография

Бағланова Роза Тәжібайқызы

(1922-2011)


Әнші. Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі. 1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941ж. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1947-1949 жж - Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1949-1960 жж - Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан – Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова – сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, ССРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.