Өмірбаяны

Өмірбаяны
Домбырашы, композитор - күйші, ҚазССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Биография

Момбеков Төлеген


Домбырашы, композитор - күйші, ҚазССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1918 жылы Шымкент облысында туған. Төлеген Момбековтың алғашқы ұстазы - оның атасы, белгілі күйші Бапыш Қожамжаров, мұнан соң ол композитор - күйші Сүгір Әлиевтің орындау мәнерінен үйренеді. Оның "Тел қоңыр", "Бес жорға", "Шалқыма", күйлерін орындауда ол жаңа стильдік жаңалықтар ендірді. Төлеген Момбеков "Салтанат", "Мешін", "Қат - қабат", "Анама", "Қоштасу", "Қаратау шертпесі" сияқты күйлердің авторы, бұлар халық арасында кең танымал. Момбековтың шығармалары "Отырар сазы" фольклорлық -этнографиялық оркестрінің, "Сазген", "Шертер" ансамбльдерінің репертуарына кірді. Төлеген Момбеков Тәттімбет, Сүгір және тағы басқа халық композиторларының музыкалық дәстүрін жаңа биікке көтерді.