Өмірбаяны

Өмірбаяны
Дирижер. Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры

Биография

Қажығалиев Шамғон

(1927)


Дирижер. Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1927 жылы Орал облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін, Ленинград консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді. Ш. Қажығалиевтің шығармашылық қызметі Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестрімен тығыз байланысты, 1971 жылы ол оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып, тағайындалады. Қажығалиевтің дирижер және ұйымдастырушы ретіндегі кәсіби шеберлігі қазақ мәдениетінің алтын қорына енген Құрманғазы мен Дәулеткерейден бастап, Дина мен Сүгірге дейінгі атақты халық композиторларының күйлерін, ұлттық музыкалық классиканы терең зерттеу нәтижесінде оркестр репертуарын жан–жақты жетілдіруге ықпал етті.