Өмірбаяны

Өмірбаяны
Композитор. Дүйсекеевтің музыкасында қазақтың ұлттық дәстүрі қазіргі замандық музыка тілімен үндесіп, жаңа сипатқа ие болады. Композитор қолтаңбасының айрықша қасиеттері – көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде

Биография

Дүйсекеев Кеңес

(1946)


Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген. Дүйсекеевтің музыкасында қазақтың ұлттық дәстүрі қазіргі замандық музыка тілімен үндесіп, жаңа сипатқа ие болады. Композитор қолтаңбасының айрықша қасиеттері – көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде. Оның шығармашылығының бұл ерекшеліктері мына дүниелерінде анық белгі береді: Камералық оркестрге арналған "Жайлаудағы таң", "Көшу", хор капелласына арналған "О, туған жер". Дүйсекеев ән жанрында да өз бағын сынап, халық жүрегіне жол тапты. Оның әндерін жас та, кәрі де ықыласпен тыңдайды. Оның "Сәлем саған, туған ел" әні эстрада жұлдыздары Р. Рымбаева мен Н. Есқалиеваның репертуарынан белді орын алған.