Өмірбаяны

Өмірбаяны
Музыкатанушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері

Биография

Аравин Юрий

(1941)


Музыкатанушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1941 ж. Тверь қаласында (Ресей) туған. Новосибирь консерваториясының тарихи – теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі - профессор Б. Г. Ерзакович) бітірген.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық - тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген. Аравин педагогикалық қызметін ғылыми – зерттеу және музыкалық - ағарту жұмыстарымен байланыстырды. Ол халықтық – кәсіби композитор - күйшілердің өмірі мен творчествосына, симфонизмнің әндік бастаулары мәселелері, Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасындағы музыкалық бейнелердің жанрлық жинағы мен бағдарламалылығына қатысты мәселелерді көтерді. Оның музыкатанулық қызметін, ғылыми және творчестволық көп қырлы ізденісін конференцияларда жасаған баяндамалары мен хабарламалары, радио мен телевидениеден берген хабарлары, филармониядағы лекциялар циклы, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары сипаттайды.

Аравин - "Дыбыстар музейі", "Қазақ музыкасының кіші антологиясы" сияқты танымал телехабарлардың және "Тотем" радиосындағы "Дала шоқжұлдызы" авторлық циклдық хабарлардың авторы. "Қазақстан" каналындағы оның қазақтың халықтық музыкасы туралы телехабары қазақстандық телекөрермендердің ең сүйікті хабары болып табылады. Аравиннің "Абай жадына арналған лирикалық поэма", "Қазақстанның симфониялық поэмаларының тақырыбы мәселесі туралы", "Халық қаһармандары туралы үш поэма", "М. Төлебаевтың "Қазақстан" поэмасы", "Қазіргі замандық ұйғыр симфониясының бастама көздері", "Әндік симфонизм тарихына", "Дала шоқжұлдызы: Қазақ музыкасы туралы очерктер мен этюдтер" және т. б. шығармалары қазақтың музыкатануына қосылған өлшеусіз үлес болып табылады.