Өмірбаяны

Өмірбаяны
Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор. Отанға деген махаббат - Б. Жұманиязов шығармашылығының басты тақырыбы

Биография

Жұманиязов Базарбай

(1936)


Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор. 1936 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Е. Брусиловскийдің класы бойынша) бітірген. Отанға деген махаббат - Б. Жұманиязов шығармашылығының басты тақырыбы. Бұлар: "Жер", "Достық", "Менің байтақ Отаным" кантаталары. Б. Жұманиязов сондай- ақ "Махамбет" операсының, "Менің халқым туралы ән" вокальды- симфониялық поэманың, "Дала" симфониялық күйінің, симфониялық оркестр, балетке арналған сюиталардың, көптеген әндер мен романстардың ; Ш. Хұсайыновтың пьесасы бойынша "Сырымбет саласында" драмалық спектакліне, Б. Майлиннің "Шұға" пьесасына жазылған драмалық спектакль музыкаларының, "Мұхтар аға", "Достықпен қанаттанған", "Мүслима" және т. б. құжатты және теледидарлық фильмдерге арналған музыкалардың авторы. Б. Жұманиязов -Қазақстанның танымал композиторларының бірі.