Жоба туралы

Еліміздің басты байлығы – оның тұрғындары. 


Бұл-Қазақстанның адамдары, Қазақстанның тамаша адамдары туралы портал. Порталдан Казақстандағы танымал ежелгі қолбасшылар, билер, батырлар, халық композиторлары және бүгінгі күнгі саясаткерлер, шоумендер, киноактерлер және басқа да атақты тұлғалар (адамдар) туралы ақпаратты білуге болады.

Бұл портал өмірі, ісі мен шығармашылығы Қазақстанның тарих беттерінде мәңгілікке бедерленген адамдарға арналған.

Бұл - біздің еліміздің тарихына, мәдениетіне, ғылымына, экономикасы мен саясатына ерен еңбегін сіңірген адамдар туралы портал.

Бұл - біздің көп ұлтты мемлекетіміздің еңсесі биік жандарының өмірлерін баяндау арқылы еліміздің кешегісі мен бүгінгісін суреттейтін портал.  

Бұл тек өткен күннің аты әйгілі тарихи тұлғалары туралы ғана емес, сонымен қатар біздің қазіргі мемлекетіміздің негізін қалаған және біздің Қазақстанның одан арғы заманауи құрылысын қарқынды жүргізуші тамаша замадастарымыз туралы баяндайтын портал.

Порталдың бөлімдері материалдардың өңделуіне қарай әрі қарай дамып, толықтырылып отырады.

Қадірлі замандастарымыз туралы ақпарат біздің түрлі үкіметтік және қоғамдық ұйымдарға салған сұрауларымыз негізінде жарияланады.

Біздің порталда өсектер мен дәйексіз сөздер кездеспейді. Біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз – қаһарманның қызметінің нәтижесін нақты суреттеу; ашылған жаңалықтар, жасалған мүсіндер, құрылыстар, технологиялар, операциялар, театр мен кинода ойналған рөлдер туралы, режиссирленген фильмдер мен спектакльдер, спорт жетістіктері және т.б. туралы неғұрлым көп мәлімет беру.

Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) берілетін портал оның материалдарын Қазақстанның бұқарасына ғана емес, оған қоса әлемнің көп миллионды аудиториясына тарату мүмкіндігін береді.

Порталдың демеушісі – негізін қалаушы -  <<Айдан ЮС>> ЖШС.

Порталдың бас редакторы - Накупов М.Б.